Тасмағамбетов Алматыдағы жер телімін заңсыз сатып жіберген

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Тасмағамбетов келісім-шартқа 2006 жылы қол қойған / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов
Тасмағамбетов келісім-шартқа 2006 жылы қол қойған / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Тасмағамбетов Алматыдағы жер телімін заңсыз сатып жіберген. Мәміленің 20 жылдан кейін сот жарамсыз деп таныды.

BES.media ақпаратына қарағанда, Иманғали Тасмағамбетов Алматы қаласының әкімі болып қызмет атқарған кезде 2006 жылы осы келісім-шартқа қол қойған. Сот 2024 жылы мәмілені жарымсыз деп таныды.

Жер дауы

Бұл мәміле қала прокуратурасының бастамасымен қайта қаралған. Әңгіме Түрксіб ауданындағы Чернышевский көшесі, 2 мекенжайында орналасқан 0,0851 гектар жер телімі турлы болып отыр. 2006 жылы Алматы қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов пен «Қазақтрансқұрылыс» компаниясы арасында 732 мың теңгеге келісім жасапты.

Тасмағамбетов Алматыдағы осы жер телімін 2005 жылы көпқабатты тұрғын үй салу мақсатында сатқан.

Жатақхана аймағы жер телімі ретінде сатылған

Бірақ 2024 жылы прокуратура бұл мәміленің заңсыз екенін анықтап, оны жоюды талап етті. Сот отырысында жер телімі сатылған кезде оның үстінде жатақхана болғаны белгілі болды. Ал бұл нысан сатылған жер құжаттарында көрсетілмеген.

Жер ресурстарын басқару департаменті сотқа шағым түсіріп, мәміленің және әкімдік қаулысының заңға қайшы екенін дәлелдеді. Қарсы тарап – қазіргі меншік иесі Денис Колесников пен «Қазақтрансқұрылыс» компаниясы – талап мерзімі өтіп кеткенін алға тартты. Бірақ сот бұл уәжді негізсіз деп тауып, мәмілені жарамсыз деп таныды.

Сот шешімі

Осылайша, Тасмағамбетов Алматыдағы жер телімін сатқан құжат күшін жойды.

«Алматы қаласының Жер ресурстарын басқару департаментінің талап арызы қанағаттандырылсын. 2005 жылғы әкімдік қаулысы мен 2006 жылғы сатып алу-сату келісімі жарамсыз деп танылсын», – делінген сот шешімінде.

Бұл шешімге қатысты апелляциялық шағым берілген.

Иманғали Тасмағамбетов 2022 жылдан бері ҰҚШҰ бас хатшысы болып қызмет атқарып жүр. Ол премьер-министр, Атырау, Алматы және Астана қалаларының әкімі, қорғаныс министрі және Ресейдегі Қазақстанның елшісі болған.

Мұның алдында Мұхамеджан Тазабек Иманғали Тасмағамбетовтен төрт жыл бойы қорқып жүргенін айтқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз