БАҚ-та Сара Назарбаеваның қайтыс болғаны жайлы ақпарат тарады

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Сара Назарбаева / Фото: ашық дерек

Бүгін 85 жасында Қазақстанның тұңғыш бірінші ханымы болған Сара Алпысқызы өмірден өтті. Бұл жайлы елдегі бірқатар БАҚ пен танымал тұлғалар жазды. Бірақ ақпаратты ресми түрде растаған жоқ.

Ақпарат қайдан тарады?

Алғашқылардың бірі болып Yedilov Online телеграм арнасы хабарлады.

«85 жасында Сара Назарбаева – Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бірінші жары өмірден озды. Осы ауыр қазаға байланысты отбасына, туған-туыстарына және жақындарына шын жүректен көңіл айтамын.
Иманы саламат болсын», – деді ол жазбасында.

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев та Сара Алпысқызының өмірден өткен озып жазып, көңіл айтты.

«Сара Алпысқызы дүниеден озды. Иман байлығын тілеймін. Алла панасына алсын» , – деп жазды ол инстаграм-парақшасына.

Ал қазақстандық журналист және медиаменеджер Әсет Матаев телеграм арнасында ақпаратты жоққа шығарды.

«Сара Алпысқызы тірі. Тек арасында оған Нұрсұлтан Назарбаева келеді. Бірнеше сенімді дереккөздерден тараған ақпарат», – деді ол парақшасында.

Сара Назарбаева қайда емделді?

Осыған дейін кейбір БАҚ Сара Назарбаеваның жағдайы күрт нашарлағаны жазған еді. Ол Алматыдағы Президент басқармасы жанындағы Ұлттық госпиталде емделген еді. Соңғы күндері госпиталь маңайында күзет күшейіп, полицияның көбейгені байқалды. Бұл аурухана еліміздегі ең көне медициналық мекеме деп есептеледі. Бір кездері Дінмұхамед Қонаев та сол жерде ем алған.

Бірақ оның қалай ауырғаны, диагнозы қандай болғаны белгісіз, дәрігерлер ақпарат беруден бас тартты.

Сара Алпысқызы – 1941 жылы 12 ақпанда Қарағанды облысында дүниеге келді. 1991 жылдан 2019 жылға дейін еліміздің тұңғыш және әзірге, жалғыз бірінші ханымы болды. Өмірінің ұзақ жылдарын қайырымдылыққа, ана мен бала мәселелеріне арнады.

«Бөбек» қайырымдылық қорының негізін қалады, Ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсететін  «SOSҚазақстанның балалар ауылдарын» құрды.

Оның бастаған жобалары, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевпен қалай шаңырақ көтергені жайлы мына жерден толық оқуға болады.

Сондай-ақ оқыңыз