Құны 900 млн теңге болатын қоқыс полигоны мемлекетке қайтарылды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Фото: ашық дереккөзден

Құны 900 млн теңгені құрайтын қоқыс полигоны мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы Қызылорда қаласының прокуратурасынан хабарлады.

Тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдейтін полигон бұған дейін жергілікті кәсіпкерге тиесілі болған. Оны кәсіпкер шарт негізінде 15 жыл мерзімге сенімгерлік басқаруға алған.

Бірақ кәсіпкер әкімдік алдындағы міндетін дұрыс атқармаған. Есеп тапсыру, тапқан пайдасының елу пайызын сыйақы ретінде және таза кірісінің бөлігін мемлекетке төлеу жөніндегі шартын орындамаған. Дегенмен әкімдік те бұл міндеттемелердің орындалуына бақылау жасамаған деп хабарлайды прокуратурадан.

«Қадағалау актісінің нәтижесімен құны 700 млн теңгені құрайтын тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдейтін полигон және 326 га көлемінде, құны 210 млн теңгені құрайтын 16 жер учаскелері мемлекетке қайтарылды», – деп хабарлайды облыстық прокуратурадан.

Соңғы үш жылда мемлекет пайдасына 1 трлн 130 млрд теңгеден астам актив қайтарылған. Олардың едәуір бөлігі шетелден келген.

Сондай-ақ оқыңыз