Жаңалықтар

Алматыдан Ыстықкөлге тікелей әуе рейсі ашылады

Әуе жолы арқылы Алматыдан Ыстықкөлге 45 минутта жетуге болады / коллаж: Kursiv.Media, бильд-редактор Ахтам Зиперов
Әуе жолы арқылы Алматыдан Ыстықкөлге 55 минутта жетуге болады / коллаж: Kursiv.Media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Енді алматылықтар Ыстықкөлге 55 минутта жете алады. FlyArystan 2025 жылғы 3 шілдеден бастап Алматыдан Тамшыға қатынайтын тікелей рейс ашылатынын хабарлады.

Отандық лоукастер мәліметінше, жаңа бағыт бойынша рейстер аптасына екі рет – бейсенбі және жексенбі күндері – 31 тамызға дейін орындалады.

Алматы мен Тамшы (Ыстықкөл) арасындағы әуе сапары бар болғаны 55 минутқа созылады. Кері бағытта ұшу ұзақтығы – 1 сағат. Салыстырар болсақ, алматылықтар Ыстыккөлге дейін автокөлікпен кем дегенде 5-7 сағат жол жүруге мәжбүр.

Бейсенбі күндері:

  • Алматыдан ұшу – 15:05, Тамшыға қону – 17:00
  • Тамшыдан кері ұшу – 18:00, Алматыға қону – 18:00

Жексенбі күндері:

  • Алматыдан ұшу – 13:15, Тамшыға қону – 15:10
  • Тамшыдан кері ұшу – 16:10, Алматыға қону – 16:10

Билет бағасы бір бағытқа 24 мың теңгеден басталады деп хабарлады әуе компаниясы.

Ыстықкөл – Қырғызстанда орналасқан климаты жайлы көл. Қазақстан азаматтары Ыстықкөлге жиі барады.

Биыл FlyArystan Қарағанды – Ыстанбұл, Алматы – Инин (Кұлжа), Астана – Үрімші рейстерін іске қосты.