Apple екі бүктелетін, әйнек iPhone шығарады

Жарияланды 14 Мамыр 2025 14:37

Талғат Дүйсенбек

Талғат Дүйсенбек

Business News бөлімінің тілшісі t.bukharbaev@kursiv.media
Екі жылдан соң алғашқы екі бүктелетін iPhone саудаға түседі / фото: Image credit, Antonio De Rosa
Екі жылдан соң алғашқы екі бүктелетін iPhone саудаға түседі / фото: Image credit, Antonio De Rosa

Apple компаниясы қаңқасы әйнек, сонымен бірге екі бүктелетін алғашқы iPhone смартфонын шығарады. Бұл туралы Bloomberg жазды.

Агенттіктің мәліметінше, компания iPhone-ның 20 жылдығына орай бірнеше жаңа өнім ұсынуды көздеп отыр. Атап айтқанда, екі бүктелетін ең алғашқы Айфон 2027 жылы саудаға түседі. Компаниядағылар оны ең маңызды екі жаңалықтың бірі деп біледі.

Бұған қоса, Apple қаңқасы әйнектен жасалған жаңа смартфонды таныстырады. Ол iPhone X моделінің 10 жылдығына орай саудаға түседі.

Apple-дің алғашқы ақылды көзілдірігі шығатын күн де алыс емес. Компания осындай өнімге арнайы чип дайындуды көздеп отыр. Көзілдірікке Apple Intelligence жүйесі орнатылады. Оның көмегімен қоршаған ортаны видеоға түсіріп алуға да болады.

Сонымен бірге, Apple 2027 жылы жаңа AirPods пен сағаттар шығаруды жоспарлаған. Сағаттарға камера орнатылады.

Компания жасанды интеллект үшін қуатты чиптер әзірлеп жатыр. Соның арқасында Siri көбірек әңгімелесе алатын интерфейске айналады.

Тұтынушылар бүктелетін iPhone ғана емес, сенсорлы экран орнатылған Mac-ты да асыға күтеді. Бірақ мұндай өнім тек 2028 жылға қарай шығуы мүмкін. Бұған қоса, Apple робот техникасын ілгері дамытуды қолға алды.

Естеріңізге сала кетейік, Apple биыл екеуара әңгімені бірден тікелей аударатын AirPods жаңа функциясын енгізеді. Енді тіл білмесеңіз де, сонымен көмегімен шетел азаматымен шынайы өмірде еркін сөйлесе аласыз.

Бұған дейін Kursiv.Media басылымы Apple Watch көмегімен ЭКГ көрсеткіштерін білуге болатынын жазған. Өйткені Денсаулық сақтау министрлігі мен Apple өкілдері цифрлы қызметтерді Қазақстанда да пайдалануға келіскен.

Сондай-ақ оқыңыз