Freedom Holding акциялары өсті: Тимур Турлов Forbes тізімінде бірінші орынға шықты

14 мамырда Nasdaq қор биржасы ашыла салысымен Freedom Holding Corp. акциялары тағы көтеріліп, материал жарияланған сәтте 167,42 долларға жетті. Ал FRHC-тің нарықтың капиталы 10,17 млрд доллар болды. Бұл уақытта Forbes-тің ғаламдық онлайн тізімінде Тимур Турлов дәулеті 7,2 млрд долларға жетті.
Осылайша Freedom Holding Corp. басшысы Қазақстан байлары арасында миллиардер Вячеслав Кимді басып озды. Forbes ғаламдық тізімінде Турлов 471-орында, ал Вячеслав Ким 474-орында тұр.
Бірнеше күн бұрын ғана Вячеслав Ким дәулеті 7,1 млрд, ал Турлов байлығы 5,8 млрд доллар еді.
Материал жарияланған сәтте Forbes-тің ғаламдық тізіміндегі қазақстандық байлар былайша орналасты:
- Тимур Турлов (471-орын) – $7,2 млрд;
- Вячеслав Ким (474-орын) – $7,1 млрд;
- Владимир Ким (628-орын) – $5,7 млрд;
- Динара Құлыбаева (676-орын) – $5,5;
- Тимур Құлыбаев (678-орын) – $5,5 млрд;
- Болат Өтемұратов (1 020-орын) – $3,7 млрд.
Бұған дейін Вячеслав Ким Қазақстандағы ең бай адам атағын сақтап қалғаны хабарланған. Ал Тимур Турлов болса бір жылда бесіншіден екінші орынға көтерілген. Владимир Ким төртіншіден үшінші орынға жайғасса, Тимур мен Динара Құлыбаевалар екіншіден төртінші орынға сырғыған. Болат Өтемұратов рейтингте алтыншы орынға орналасқан.
Freedom Holding Corp. құрамына «Фридом Финанс» брокерлік компаниясы, осы аттас банк, екі сақтандыру компаниясы, Arbuz.kz онлайн-супермаркеті мен Aviata.kz авиабилеттер сервисі кіреді.
Топ бренді аясында Freedom Drive автокөлік шиналары дүкені, Freedom Mobile техника мен аксессуарлар салоны, концерттерге, киноға және басқа да іс-шараларға арналған Freedom Ticketon билет сервисі, Freedom Telecom телекоммуникациялық компаниясы және Freedom Media онлайн-кинотеатры да бар.