
Lada Granta автокөліктер тобы жаңа модификациямен – Active Cross лифтбэгімен толығады. Бұл нұсқа жол талғамайтын көліктерге тән биік клиренсі және қорғау қабаты бар сыртқы дизайнымен ерекшеленеді. Бұл туралы АвтоВАЗ компаниясы хабарлады.
Жаңа модификацияның басты ерекшелігі жол саңылауының (клиренсі) 180 мм-ден 198 мм-ге дейін ұлғаюы. Сонымен қатар, корпустың геометриясы оңтайландырылған, осының арқасында кедергілерден еркін өтуге мүмкіндік береді. АвтоВАЗ бұл өзгерістерді шағын кроссоверлермен салыстыруға болатын сипаттар ретінде атап өтті.

Lada Granta Active Cross 1,6 литрлік, 90 және 106 ат күшіне ие қозғалтқыштармен, сондай-ақ 5 сатылы механикалық беріліс қорабымен жабдықталады.
Базалық жиынтыққа мыналар кіреді:
- екі қауіпсіздік жастығы,
- кондиционер,
- алдыңғы орындықтардың жылыту жүйесі,
- аудиожүйе және басқа да опциялар.
Көліктің нақты жиынтығы, бағасы және сатылымға шығу уақыты кейінірек жарияланады.
Қазіргі таңда Granta лифтбэгі 5 түрлі нұсқада, 1,08 млн–1,3 млн рубль (6,8млн-8,2 млн тенге) аралығындағы бағамен сатылуда.
Еске салайық, жуырда ресейлік АвтоВАЗ алғаш рет жұртшылыққа Lada e-Aura электромобилін таныстырған болатын.
Сондай-ақ, АвтоВАЗ зауытында Lada Iskra көлігінің өндірісі басталды. Әзірге бар болғаны төрт көлік шығарылды: екі седан және екі универсал.