Жаңалықтар

5 жылға сотталған Абылай Мырзахметов мерзімінен бұрын босап шығуға өтініш берді

Абылай Мырзахметов мерзімінен бұрын босап шығуға өтініш берді/фото: primeminister.kz

5 жылға сотталған «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов шартты түрде мерзімінен бұрын босап шығуға өтініш берді. Ақпаратты Павлодар облысының соты растады деп хабарлайды KursivMedia.

«Шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішхат түсті, бірақ әлі қаралған жоқ», – деп жауап берді соттың баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Мырзахметов бұған дейін де сотқа жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл – бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға ауыстыру туралы өтініш түсірген. Алайда сот сотталған азаматтың өтінішін қабылдамады.

2024 жылдың мамырында аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылған. Сол кезде одан қылмыстық жолмен алынған 5,8 млрд теңге сомасында ақша мемлекет кірісіне тәркіленген. Оған жергілікті өзін-өзі басқару органдарында және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде 10 жыл мерзімге қызмет атқаруға тыйым салынды. 

2024 жылдың қыркүйегінде Мырзахметовтің ісі бойынша мемлекетке қосымша 7 млрд теңге қайтарылғаны хабарланды