Шерзат ісі: адвокат істі прокуратураға қайтаруды сұрады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Шерзат ісі прокуратураға қайтарылмайтын болды/фото: kursiv.media

Шерзат Полаттың қазасы бойынша өтіп жатқан сот процесі сотталушы Азамат және Нұрбол Тоқтаубаевтың адвокаты Бабажанова қылмыстық істі прокуратураға қайтаруды сұрады, деп хабарлайды KursivMedia.

Бабажанованың сөзінше, қылмыстық іс құжаттарында Тоқтаубаевтарды күдікті деп тану туралы қаулы жоқ.

«Бұл күдіктіге қатысты қылмыстық қудалаудың заңда белгіленген тәртіптің сақталмай басталғанын көрсетеді. Бұл қылмыстық-процестік кодекстің 64-бабында «қорғау құқығы» сияқты маңызды құқығының бұзылуына әкеледі», – деді адвокат Бабажанова.

Сөзінше, күдікті ретінде қаулының болмауы қылмыстық істі мән-жайы бойынша қарауға мүмкіндік бермейтін құқық бұзушылық саналады.

«Қылмыстық-процестік кодекстің 321-бабына сәйкес алдын ала тыңдау тағайындап, бұл істі қылмыстық-процестік кодекстің 323-бабына сәйкес прокурорға қайтаруды сұраймын», – деді адвокат.

Судья тараптарды тыңдай келе, бұл жерде құқық бұзушылық жоқ екенін айтып, адвокат өтінішін қабылдамады.

Сотталушыларға қандай айып тағылған

Сотталушылар қатарында 9 адам бар. Абзал Шынасыл Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық), 99-бабы 2-бөлігі 5,9 және 14-тармағы (адам өлтіру), 24-бабы 3-бөлігі – 99-бабы 2-бөлігі 1,7 және 9-тармағында (адам өлтіруге оқталу) көрсетілген қылмысты жасады деп айыпталып отыр.

Равиль Сакиев – Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық), 24-бабы 3-бөлігі – 99-бабы 2-бөлігі 7 және 9-тармағы (адам өлтіруге оқталу);

Шыңғыс Белғожаев – Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық);

Дархан Әскентай – Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық);

Нұрбол Тоқтаубаев – Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық);

Азамат Тоқтаубаев – Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық), 188-бабы 1-бөлігі (ұрлық);

Нұрқияс Ілиясов – Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық);

Дидар Қалиахмет – Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық);

Думан Ысқақ (2007 жылы туған) – қылмыстық кодексінің 434-бабы (қылмысты жасыру).  

Сондай-ақ оқыңыз