Көлік саны бойынша Алматы қаласы мен облысы көш бастап тұр

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Көлік саны бойынша Алматы қаласы мен облысы көш бастап тұр
Көлік саны бойынша Алматы қаласы мен облысы көш бастап тұр/Фото: KursivMedia

Қазақстанда 2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 6 млн 175 мың автокөлік тіркелген. Мұндай дерек статистика бюросы жариялаған есепте айтылған.

6 млн көліктің 5 млн 340 мыңы жеңіл көлік болса, 640 мыңы жүк көліктері. 117 мыңы автобус, 115 мыңы мото.

Аймақ бойынша ең көп тіркелген өңірлер көшін Алматы қаласы мен облысы бастап тұр. Қалада жалпы 717 мың көлік тіркелсе, Алматы облысында 663 мың авто тіркеуде тұр. Үшінші сатыға ресми 456 мың көлігі бар Астана жайғасқан. Бестікте Қарағанды (381 мың) және Түркістан облыстары (359 мың) бар.

Қозғалтқыш көлемі бойынша көліктердің жартысынан астамы 2.5 кубқа дейін. Тек қана бензинмен жүретін көліктердің үлесі де жартысынан асады.

3 жылға дейінгі жеңіл көліктер саны 7 пайыз шамасында – 350 мың дана. 3-7 жыл аралығындағылар – 867 мың. 7-10 «жастағы» көліктер 579 мыңды құрайды. Шыққанына 10-20 жыл аралығындағы жеңілавтолар – 1 млн 270 мың. Ең көбі жолда жүргеніне 20 жылдан асқандар – 2 млн 266 мың көліктің ең жасы 2005 жылы шыққан.

Бұған дейін, отандық авто нарықта қандай көліктер танымал екенін жазғанбыз.

Сондай-ақ оқыңыз