Банк пен қаржы

Қазақстанда алтын құймаларына деген сұраныс бес есе төмендеген

алтын
Фото: kursiv.media

2025 жылдың I тоқсанында халық алтын құймаларын 4,6 есе аз сатып алды. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкі хабарлады.

Ресми дерекке сәйкес, 2025 жылдың қаңтар-наурыз айларында елімізде жалпы салмағы 176 кг болатын 11 084 өлшемелі алтын құйма сатылған. Ал 2024 жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 816,4 кг (18 969 құйма) болған. Осылайша, алтынға деген сұраныс айтарлықтай төмендеген.

Ұлттық банк ЕДБ мен айырбастау пункттеріне 5 мыңға тарта алтын құйма өткізген.

Қандай құймалар көп сатылады?

Құймалар бес түрлі салмақта : 5 г, 10 г, 20 г, 50 г және 100 г. Халық ең көп 10 граммдық құйманы таңдаған – 59 936 дана немесе барлық сатылымның 26%-ы. Одан кейін:

  • 5 граммдық – 51 889 дана (22%)
  • 100 граммдық – 48 365 дана (21%)
  • 20 граммдық – 43 301 дана (18%)
  • 50 граммдық – 30 273 дана (13%)

Сатылым бойынша көш бастап тұрған өңірлер

Алтын құймаларына сұраныс негізінен Алматыда шоғырланған. Мұнда бірінші тоқсанда 3 844 құйма сатылған, бұл – барлық сатылымның 78%-ы. Одан кейінгі орындарда Шымкент (200 дана) пен Жамбыл облысы (180 дана) келеді.

Қайдан сатып алуға болады?

Өлшемелі алтын құймаларын Halyk Bank, Еуразиялық банк, Jusan Bank, Банк ЦентрКредит бөлімшелерінен және кейбір банктік емес айырбастау пункттерінен сатып алуға немесе кері сатуға болады.

Алтын бағасы шарықтап тұр. Бес жыл бұрын ғана 1 грамм алтын 15 мың теңге тұрса, қазір оның бағасы 52 мың теңгеден жоғары. Бұл – инфляция көрсеткіші ғана емес. Алтын шынымен қымбат.