Биржада доллар қайта қымбаттады

2025 жылғы 15 мамырда Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық нәтижесінде АҚШ долларының орташа бағамы 510,58 теңгені құрады. Бұл бір күн бұрынғы көрсеткішпен (14 мамыр – 506,52 теңге) салыстырғанда 3,99 теңгеге қымбат.
Ұлттық валюта долларға қатысты әлсіреп отыр. Оған бұл сауда-саттықтағы белсенділік пен сұраныстың артуы әсер етеді. Сауда көлемі 207,2 млн АҚШ долларын құрады, барлығы 664 мәміле жасалды.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Астана қаласындағы айырбастау пункттерінде доллардың ең жоғары сату бағамы – 515 теңге, Алматыда – 513 теңгені құрайды
Ұлттық банк бағамы бойынша 15 мамырдағы ресми курс – 506,21 теңге болса, 16 мамыр күні ресми курс KASE қорытындысына сәйкес 510,58 теңге болып бекітіледі.
Неліктен доллар қымбаттап жатыр?
Мамандардың айтуынша, соңғы аптада ұлттық валюта долларға қатысты 3%-ға нығайған еді. Теңгеге әлемдік нарықта АҚШ пен Қытай арасындағы сауда шиеленісі долларға деген сенімнің әлсіреуі мен Ұлттық қордан валюта түсімдерінің артуы қолдау көрсеткен.
Бірақ осы факторларға қарамастан, доллар қайтадан қымбаттай бастады. Бұл құбылыс – валюта нарығындағы құбылмалылықтың жоғары екенін байқатады.