
Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген «Тау ішінде» әніне бейнебаян түсіріп, Youtube арнасында жариялады.
Аталған ән — Сәкен Сейфуллиннің классикалық туындысы. Димаш бұл әнді заманауи ритммен жаңаша өңдеп, қазіргі музыкалық стильмен үндестіре орындаған. Осылайша ұлттық мұраны жаңа буынға жеткізуге ерекше үлес қосты.
Бейнебаянда халық сүйіспеншілігіне бөленген жұлдызды отбасы — Азат Сейтметов пен Данагүл Темірсұлтанова, сондай-ақ олардың қызы, актриса Айым Сейтметова басты рөлде ойнайды.
Сонымен қатар, Димаштың жанкүйерлерімен фан-кездесуі де жақында өтпек. Оған билеттер 22 сәуірден бастап Ticketon.kz сайтында сатылымға шыққан. Ал 27 мамырдан бастап еліміздің кинотеатрларында оның Stranger атты үлкен концертінің бейненұсқасы көрсетілмек.