Lifestyle

Димаш Құдайбергеннің «Тау ішінде» әніне түсірілген жаңа бейнебаяны шықты

Димаш Құдайберген жаңа бейнебаян түсірді/фото: видеодан скриншот

Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген «Тау ішінде» әніне бейнебаян түсіріп, Youtube арнасында жариялады.

Аталған ән — Сәкен Сейфуллиннің классикалық туындысы. Димаш бұл әнді заманауи ритммен жаңаша өңдеп, қазіргі музыкалық стильмен үндестіре орындаған.

Бейнебаянда халық сүйіспеншілігіне бөленген жұлдызды отбасы — Азат Сейтметов пен Данагүл Темірсұлтанова, сондай-ақ олардың қызы, актриса Айым Сейтметова басты рөлде ойнайды.

YouTube video player

Еске сала кетейік, жақында Димаштың жанкүйерлерімен фан-кездесуі де өтпек. Оған билеттер 22 сәуірден бастап Ticketon.kz сайтында сатылымға шыққан. Ал 27 мамырдан бастап еліміздің кинотеатрларында Stranger атты үлкен концертінің бейненұсқасы көрсетілмек.

Сонымен қатар Димаш әлеуметтік желіде челлендж жариялаған еді. Instagram немесе TikTok желісінде «Тау ішінде» әніне видео түсіріп, ең көп қаралым жинаған адам Димаштың басқа қаладағы (Лондон, Барселона, Берлин, Рига) концертіне жолдама ұтып алады.