Жаңалықтар

Нормадан төмен: қазақстандықтар жылына 4 кг ғана балық тұтынады

балық
Қазақстанда бір адам жылына тек 4 ғана балық тұтынады / Фото: shutterstock; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Қазақстандықтар жылына 4 кг ғана балық тұтынады. Бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бекіткен нормадан әлдеқайда төмен. Сенат отырысында балық шаруашылығын дамыту мәселесі талқыланды.

Сенатта  «Аквашаруашылық туралы» заң қаралды. Заңда аквашаруашылық субъектілері қызметінің түрлері, балық шаруашылығы су айдынын немесе учаскесін конкурстық және конкурстан тыс негізде бекіту тәртібі нақтыланған. Жобаны талқыға салған сенаторлар бірқатар толықтырулар мен ұсыныстар енгізу үшін заңды Мәжіліске кері қайтарды.

Депутат Арман Өтеғұлов аквашаруашылық – еліміздің агроөнеркәсіп кешенін әртараптандыруға, халықтың әл-ауқатын арттыруға, қосымша жұмыс орындарын ашуға, кәсіпкерлердің табысын арттыруға ықпал ететін болашағы зор сала екенін атап өтті.

Бүгінде Қазақстанның балық шаруашылығы бойынша экспорттық әлеуеті көршілес елдермен салыстырғанша біршама төмен. Әсіресе, көршілес Өзбекстан мен Қырғызстан елдерінде де балық шаруашылығы қарқынды дамыған. Мәселен, Өзбекстан 2023 жылы 740 мың долларға балық экспорттаған. Ал Қазақстан 2024 жылы 24 мың тонна балық өнімдерін экспорттап, одан 75 мың АҚШ доллары көлемінде табыс көрген. Аталмыш заң

Сондай-ақ сенатор ішкі балық тұтуны көлемі де тым төмен екенін айтты.

«Бүгінде Қазақстанда жан басына шаққанда балықты тұтыну нормасы жылына 4 кг құрап отыр. Ал көршілес Ресей мен Қытай елдерінде бұл көрсеткіш 20 кг-нан асып отыр. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сәйкес, бір адам бір жылдың ішінде кем дегенде 16 кг балық өнімін тұтынғаны жөн», – деді сенатор.

Еске сала кетсек, қазақстандықтардың балықты аз тұтынатынын қазіргі Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин де айтқан болатын. Министр елде балық өндірісі бойынша тапшылық бар екенін, бірақ соған қарамастан елде бұл өнім тұтыну көлемі айтарлықтай төмен екенін мәлімдеген.

«Балық өнімдері тек мерекелі дастарханға қосымша тағам ретінде жүреді. Өте пайдалы өнім, өкіншітісі, қазақстандықтардың рационында лайықты орын таппаған», – деген болатын Жұманғарин.