Жаңалықтар

Orda басылымының әлеуметтік желідегі парақшасына кибершабуыл жасалып жатыр

Киберқауіпсіздік саласында 2025 жылы қандай трендтер болады?
Orda басылымының әлеуметтік желідегі парақшасына кибершабуыл жасалып жатыр / Фото: shutterstock

Orda басылымының әлеуметтік желідегі парақшасына кибершабуыл жасалып жатыр. Бұл туралы басылымның телеграм арнасы хабарлады.

«Orda-ның инстаграм парақшасына кибершабуыл жасалып жатыр. Жаппай орынсыз шағымдар түсіп жатыр», – делінген басылым хабарламасында.

Басылымның хабарлауынша, біраз уақыт уақыт бұрын инстаграмдағы парақша еш себепсіз бұғатталған. Бірақ Meta компаниясына өтініш білдірген соң, инстаграм парақшасы қалпына келтірілген. Содан кейін аталмыш аккаунт тек бір күн ғана істеп, қайта бұғатталған. Meta компаниясы парақшаға ауқымды шабыл жасалып жатқанын, шағымдар саны артқанын мәлімдеген.

Қазіргі таңда Orda-ның TikTok және Facebook-тағы парақшалары жұмысын жалғастырып жатқаны айтылады. Сонымен бірге басылым сайтының жұмысына да ешқандай кедергі келтірілмеген.