Педагогтер байқауының шарттары өзгерді   

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Педагогтар байқауының талабы бойынша материал жеке әдістемелік идеяға негізделуі шарт / shutterstock
Педагогтер байқауының талабы бойынша материал жеке әдістемелік идеяға негізделуі шарт / shutterstock

Педагогтер байқауының шарттары өзгерді. «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2025» байқауына өтініш қабылдау мерзімі белгіленіп отыр.  

Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, бұл республикалық байқауға 1 маусымнан бастап өтініш қабылданбақ.

Жыл сайын өтетін республикалық байқаудың шарттарында да мынадай өзгеріс бар.

«Енді өңірлік кезеңге қатысу үшін бейнематериал әзірлеу міндетті емес. Алдымен педагог өзінің идеясын жазбаша негіздеп, мазмұны мен өзектілігін сипаттауы қажет. Ал республикалық кезеңге өткен соң, педагогикалық идеяны бейнематериал ретінде ұсынуы тиіс», – делінген министрліктің хабарламасында.

Педагогтер байқауының талаптары да бар. Мәселен, материал бұрын жарияланбауы тиіс. Сонымен бірге, басқа байқауларға ұсынылмауы қажет. Жұмыс авторлық құқықты сақтай отырып, жеке әдістемелік идеяға негізделуі шарт.

Жобаны қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде тапсыруға болады.

Мұның алдында ауыл мектептеріне заңгер, инженер, ІТ мамандары мұғалім болып келе бастағанын жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз