VIP нөмірлердің жаңа бағасы қандай

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
VIP нөмірлердің кейбірі 1 120 620 теңге тұрады / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов
VIP нөмірлердің кейбірі 1 120 620 теңге тұрады / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

VIP нөмірлердің жаңа бағасы белгіленбек. Енді көлік жүргізушілер қалтасына қарай сандар мен әріптерді өздері таңдай алады.

Еліміздегі қолданыстағы салық кодексі өзгертілмек. Жаңа жобада мұндай нөмірлерге алым қарастырылып отыр. Бағасы да нақты көрсетілген.

Мәселен, үш таңбалы санның бастапқы және соңғы саны нөлмен аяқталатын және 707 саны бар нөмірлерге 224 мың теңге деп баға белгіленген. Алайда осы сандармен қатар, VIP нөмірлердің әріптері де бірдей болғанын қаласаңыз, 538 684 теңге төлейсіз.

Жүздіктері, үш бірдей сан мен әріптері бар нөмірлер 762 808 теңге тұрмақ. Алдыңғы екі саны нөлмен басталатын және үш жетілік – 896 496 теңге. Бұған қоса, әріптері де бірдей болса, 1 120 620 теңге төленбек.

58 980 теңге тұратын нөмірлердің алдыңғы және соңғы сандары бірдей болып келеді. Ал әріптері де бірдей болса, бірнеше есе қымбатқа түспек. Мұндай VIP нөмірлердің бағасы 283 104 теңге болады.

Екі немесе үш саны бірдей болып келетін нөмірлерден өзге, бірдей әріптері бар мемлекеттік нөмірлер  224 124 теңге болмақ. Сонымен қатар, көлігіңіздің нөмірінде өзіңіз қалаған сандар мен әріптердің болғанын қаласаңыз,  39 320 теңге төлеуіңізге тура келеді.

Салық кодексіне енгізілетін түзетулерді Мәжіліс өткен сәуір айында мақұлдады. Қазір Сенат қарап жатыр. Онда VIP нөмірлердің жаңа бағасы көрсетілген.

2023 жылы қазақстандықтар VIP-нөмірлер сатып алуға 10 млрд теңге жұмсаған еді.

Сондай-ақ оқыңыз