
Байқоңыр ғарыш айлағында Чехияның екі азаматы ұсталды. Туристер космодромға жасырын өтіп, зымыранды суретке түсіріп алғысы келген. Бұл туралы RBC хабарлады.
Агенттіктің мәліметінше, шетел туристерінің үстінен әкімшілік хаттама толтырған. Екеуіне де 5 мың рубль айыппұл салған. Сосын туристерді босатып жіберген.
Shot телеграм-арнасы Байқоңырдан ұсталған азаматтардың аты-жөнін жариялады. Олар: 26 жастағы Ондржей мен 25 жастағы Якуб. Мәліметтерге қарағанда, екеуі «Энергия» зымыранына өтуге талпынған. Туристердің айтуынша, шетел азаматтары ғарыш айлағына фотоаппарат алып барған, бірақ жасырын түрде кіре алмаған.
Байқоңыр — әлемдегі алғашқы әрі ең ірі ғарыш айлағы. Ол 1955 жылы салынған. Қазақстан Байқоңырды Ресейге 2050 жылға дейін жалға берген.
Байқоңырдан зымыран ұшырылғанын тамашалау үшін жыл сайын өңірге 2 мың турист келеді.