
Сәуір айында тұрғын үй нарығындағы сауда қыза түсті. Наурызбен салыстырғанда сату-сатып алу туралы мәмілелер саны шамамен 33 %-ға артты. Бұл өсім елдің барлық өңірлерін қамтыды.
Krisha.kz мәліметінше, бір ай ішінде шамамен 37 мың мәміле тіркелген, бұл — жыл басынан бергі ең жоғары көрсеткіш. Ең көп сұранысқа ие — бір бөлмелі пәтерлер, әсіресе Астана мен Алматы қалаларында. Бұл мегаполистер барлық пәтер бойынша мәмілелердің 42 %-дан астамын құрайды.
Сәуірдегі негізгі көрсеткіштер:
Пәтерлер сату-сатып алу бойынша 28 664 мәміле жасалған. Өсу қарқыны: 31,2 %.
Жеке тұрғын үйлер нарығындағы белсенділік — 8175 мәміле тіркелген, өсу қарқыны: 38,6 %. Ең жоғары өсім — Жетісу (+62 %), Абай және Батыс Қазақстан облыстарында (+58 %).
Көшбасшы қалалар:
Астана — 7280 мәміле.
Алматы — 7020.
Қарағанды облысы — 2862.
Ең төмен көрсеткіш — Ұлытау облысында (454 мәміле).
Жылдық динамикада да оң нәтиже байқалады. 2024 жылғы сәуірмен салыстырғанда өсім — шамамен 18 %-ды құрайды. 2024 жылдың қаңтар-сәуір айларындағы көрсеткіштер өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4 %-ға жоғары.
Тұрғын үй саудасының артуына не себеп
Баспана нарығындағы сауданың осыншалықты жоғары көрсеткіш көрсетуінің бірден-бір себебі — 2026 жылдан бастап күшіне енетін салық өзгерістері. Осыған дейін білгілі болғандай құрылыс салушыларға арналған ҚҚС жеңілдіктерінің алынып тасталуы, оаған қоса ҚҚС мөлшерлемесін 12 %-дан 16 %-ға дейін артуы түрткі болған. Бұл түзетулер Мәжілісте сәуір айының соңында ғана қабылданғанына қарамастан, құрылыс салушылар бастапқы тұрғын үй бағасын қазірдің өзінде өсіре бастады.
ҚҚС 16 %-ға өсуі жылжымайтын мүлік нарығына әсері қандай болады?
Бұл өсімді мемлекеттік бағдарламалар туындатты деу екіталай, себебі, мысалы, «Наурыз» және «Наурыз жұмыскер» бағдарламалары бойынша небәрі 2172 ғана несие берілген. Ал «7-20-25» бағдарламасы бойынша айына шамамен 500 несие рәсімделеді.
Қай өңірде баспана бағасы қымбаттады
Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2025 жылдың сәуірінде жаңа тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлердің бағасы наурызбен салыстырғанда орта есеппен 2 %-ға қымбаттаған. Ең жоғарғы баға өсімі — Алматыда (+3,4 %) және Астанада (+2,5 %).
Егер наурызда Алматы маңындағы котловандағы пәтерді 9 млн теңгеге сатып алуға болса, қазір, мамыр айында, құрылыс салушы сол пәтерге 16 млн теңгеден бастап сұрайды.
Осындай бағаның күрт өсуі кейінірек сатып алуды жоспарлаған көптеген адамдарды шешім қабылдауға итермелеп, кейінге қалдырылған сұраныстың жүзеге асуына себеп болды.
Еске салайық, 2025 жылдан бастап жастарға берілетін жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы аяқталады. Жұмыс істейтін жастарға арналған жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы қатысушыларының 81%-ы жеңілдетілген ипотекаға өтініш берген.
Ал мүгедектігі бар адамдар мемлекеттен алған үйін тегін жекешелендіре алады. Бұл І және ІІ топтағы еңбекке жарамсыз, төлем қабілеті жоқ мүгедектерге қатысты болып отыр.