Сотталушы Ілиясов Нұрқанат Ғайыпбаевты не себепті мылтықпен ұрғанын айтты

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Шерзат Полат ісінде сотталушы Нұрқияс Ілиясовтан жауап алынып жатыр/фото:kursiv.media

Шерзат Полат ісінде сотталушы Нұрқияс Ілиясовтан жауап алынып жатыр. Оның сөзінше, қайғылы жағдай болған күні төбелес 3-4 минутқа созылған.

Айтуынша, ол Нұрқанат Ғайыпбаевтың қолынан мылтықты тартып алғанын айтты.

«Менің ойымша Шерзат мылтық атылған жерде пышақталды. (…) Менің қашып кетуіме болатын еді. Мылтық оқтаулы тұрды, артымнан атып жібере ме деп тығылдым. Мылтықты алып алуға тырыстым. (…) Мылтықпен желке жағынан көздедім, бірақ ол қатты тимеді. Сырғып барып тиді. Мылтықпен атқаны үшін (ұрдым). Мылтықпен атқанына ашуландым, сол үшін мылтығын алып ұрдым», – деді Нұрқияс Ілиясов.

Айыптау актісіне сәйкес, Нұрқияс Ілиясов бұзақылық, яғни қоғамдық тәртіпті қоғамды құрметтемеу анық көрінетін, азаматтарға қарсы күш қолданумен не оны қолдану қатерін төндірумен, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы болып, пышақтарды және өзге де денсаулыққа зиян келтіру үшін арнайы лайықталған басқа да заттарды қолдану, сол сияқты барынша арсыздықпен ерекшеленетін әдепсіз әрекет жасаумен ұштасқан аса қатыгездікпен бұзушылық іс-әрекеттер жасаған. Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігінде көрсетілген қылмысты жасаған.

Бұған дейін сотта Азамат және Нұрбол Тоқтаубаевтан жауап алынды. Сондай-ақ кәмелетке толмаған сотталушы сотта жауап берді.

Сотталушыларға қандай айып тағылған

Шерзат Полат ісі бойынша 9 сотталушы бар. Олардың ішінде Абзал Шынасыл Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық), 99-бабы 2-бөлігі 5,9 және 14-тармағы (адам өлтіру), 24-бабы 3-бөлігі – 99-бабы 2-бөлігі 1,7 және 9-тармағында (адам өлтіруге оқталу) көрсетілген қылмысты жасады деп айыпталып отыр.

Равиль Сакиев – Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық), 24-бабы 3-бөлігі – 99-бабы 2-бөлігі 7 және 9-тармағы (адам өлтіруге оқталу);

Шыңғыс Белғожаев – Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық);

Дархан Әскентай – Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық);

Нұрбол Тоқтаубаев – Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық);

Азамат Тоқтаубаев – Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық), 188-бабы 1-бөлігі (ұрлық);

Нұрқияс Ілиясов – Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық);

Дидар Қалиахмет – Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық);

Думан Ысқақ (2007 жылы туған) – қылмыстық кодексінің 434-бабы (қылмысты жасыру). 

Сондай-ақ оқыңыз