Шыңғыс Белғожаев марқұм Шерзатты шатастырып ұрып-соққанын айтты – видео

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Шыңғыс Белғожаев сотта жауп беріп жатыр/фото: kursiv.media

Шерзат Полат ісінде сотталушы Шыңғыс Белғожаевтан жауап алынып жатыр. Ол 2024 жылдың 3 қазанында Шерзат Полатты ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевпен шатастырып ұрып, тепкенін айтты.

«…Екінші оғын атады да артқа қарай жүреді. Алдынан балалар да жақындай бастайды. Мен де арттарынан жүгіріп барамын, барамын да тебемін, ұрамын. Мен мылтық атқан сақалдыны ұрамын деп барамын. Кейін видеодан Шерзатты ұрғанымды көрдім. Айғайлаған дауыс естідік. Көлікке отырып іс болған жерден кетіп қалдық», – деді сотталушы Шыңғыс Белғожаев

Мемлекеттік айыптаушы сол күні Шыңғыс Белғожаевтың қолында пышақ болғанын айтып, Шерзат Полатты кім пышақтағанын сұрады. Сотталушы бұл сұраққа «білмеймін» деп жауап берді.

Белғожаев қорғалуға құқығы бар куә ретінде берген жауабында «Ішімдік ішкен соң ұйықтап қалыппын. Көліктің артқы жағында отырғам. Оянсам, көлігімнің алдыңғы жағында қару-жарақ тұрғанын көремін. Аламын да, лақтырып жіберемін», деген Белғожаев.

Тағы бір тергеу әрекеті кезінде Белғожаев «Мылтықты лақтырғаннан кейін басқа зат қалып кетпеді ме деп көлігімнің ішін қарап жатқанымда Абзал «жаңа біреуін пышақпен ұрып жібердім» деді. Кімді ұрғанын естімедім. Өзінен сұраған жоқпын», деген сотталушы.

Айыптау актісіне сәйкес, Шыңғыс Белғожаев бұзақылық, яғни қоғамдық тәртіпті қоғамды құрметтемеу анық көрінетін, азаматтарға қарсы күш қолданумен не оны қолдану қатерін төндірумен, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы болып, пышақтарды және өзге де денсаулыққа зиян келтіру үшін арнайы лайықталған басқа да заттарды қолдану, сол сияқты барынша арсыздықпен ерекшеленетін әдепсіз әрекет жасаумен ұштасқан аса қатыгездікпен бұзушылық іс-әрекеттер жасаған. Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігінде көрсетілген қылмысты жасаған.

Сотталушыларға қандай айып тағылған

Шерзат Полат ісі бойынша 9 сотталушы бар. Олардың ішінде Абзал Шынасыл Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық), 99-бабы 2-бөлігі 5,9 және 14-тармағы (адам өлтіру), 24-бабы 3-бөлігі – 99-бабы 2-бөлігі 1,7 және 9-тармағында (адам өлтіруге оқталу) көрсетілген қылмысты жасады деп айыпталып отыр.

Равиль Сакиев – Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық), 24-бабы 3-бөлігі – 99-бабы 2-бөлігі 7 және 9-тармағы (адам өлтіруге оқталу);

Шыңғыс Белғожаев – Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық);

Дархан Әскентай – Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық);

Нұрбол Тоқтаубаев – Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық);

Азамат Тоқтаубаев – Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық), 188-бабы 1-бөлігі (ұрлық);

Нұрқияс Ілиясов – Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық);

Дидар Қалиахмет – Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық);

Думан Ысқақ (2007 жылы туған) – қылмыстық кодексінің 434-бабы (қылмысты жасыру).

Сондай-ақ оқыңыз