Ыстанбұлда Ресей-Украина келіссөзі басталды

Әлем назары қазіргі уақытта Түркияға ауып тұр. Өйткені Ыстанбұлда Ресей мен Украина арасындағы тікелей келіссөз басталды деп хабарлады жергілікті телеарналар.
ВВС келіссөзден бұрын Ресей делегациясының басшысы Владимир Мединский АҚШ-тың саясатты жоспарлау жөніндегі директоры Майкл Антонмен сөйлескенін жазды.
Олардың нақты не туралы сөйлескені айтылмады.
Бұған дейін Түркия СІМ-дегі дереккөздер келіссөздерге Түркия да қатысатынын мәлімдеген. Алайда кейін «Интерфакс» агенттігі түрік өкілі сәлемдесу сөзінен кейін, келіссөзден кететінін хабарлады.
CNN келіссөзге қос елдің басшысы қатыспаса да, екі тараптың бір залда отыруы маңызды сәт екенін атап өтті.
Украина тарапы келіссөзді бірінші басшылар жүргізгенін қалаған. Тіпті Украина президенті Владимир Зеленский Түркия астанасына ұшып барған. Алайда Ресей басшысы Владимир Путин Түркияға бармайтыны белгілі болды. Осыдан кейін Зеленский Ыстанбұлдағы келіссөзге қатыспайтынын мәлім етті.