Қазақстан шетелге бұқа сатуға үш айға тыйым салды
Жарияланды

2025 жылғы 15 мамырдан бастап Қазақстан аумағынан ірі қара мал бұқаны шетелге шығаруға уақытша тыйым салынды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлайды.
Бұл шектеу 2025 жылғы 25 сәуірде қабылданған үкімет шешіміне сәйкес енгізілді және үш ай бойы күшінде болады.
Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қаржы министрлігі бұл тыйымды бірлескен бұйрық арқылы бекітті. Шараның негізгі мақсаты — елдегі азық-түлік қауіпсіздігін сақтау және ет өңдеуші кәсіпорындардың жұмысын қолдау.
АШМ жыл басында картопты экспорттауға тыйым салған болатын. Оған ішкі нарықтағы тапшылық себеп.