Қазақстан Румынияға жеткізілетін уран көлемін арттырмақ

Қазақстан Румынияға уран жеткізуді арттымақ, 2022 жылы қабылданған 10 жылдық келісім негізінде екі жақты ынтымақтастық одан ары дамымақ.
Жақында Астанада өткен екі елдің жұмыс тобының отырысында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мен румындық SN Nuclearelectrica S.A. табиғи уранды жеткізу және бериллий өндірісін дамытуды талқылаған.
Кездесуге Румыния Энергетика министрлігінің мемлекеттік хатшысы Павел-Касьян Ницулеску бастаған делегация, сондай-ақ Фелдиоара уран өңдеу зауытының басшысы және Қазақстандағы румын елшісі қатысты.
Жаңа ұзақ мерзімді келісім Румыниядағы атом электр станцияларын қазақстандық табиғи уранмен тұрақты қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл келісім еліміздің ядролық отын нарығындағы позициясын нығайта түспек.
Тараптар сондай-ақ бериллий өндірісіндегі ынтымақтастық жайын талқылап, «Үлбі металлургиялық зауытымен» ғылыми-техникалық байланыс орнатуға қызығушылық білдірді. Румыния өз елінде өндірілетін бериллий шикізатын Қазақстанда өңдеуді қарастыруда.
Қазатомөнеркәсіп пен SN Nuclearelectrica арасындағы серіктестік 2020 жылдан бері жалғасып келеді. Компания уран жеткізуді әртараптандыру арқылы еуропалық нарықтағы ықпалын күшейтуді мақсат етеді.
19 наурызда «Қазатомөнеркәсіп» 2024 жылғы қаржы нәтижесін жариялады. Соған сәйкес, компанияның қаржы түсімі 1,8 трлн теңгені құраған. Ал таза пайдасы бір жылда екі есе артып, 1,13 трлн теңгеге жеткен.
Ұлттық компанияның қаржы есебіне сәйкес, таза пайданың өсуіне уран (U3O8) бағасының қымбаттауы және «Үлбі-ЖБҚ» ЖШС өнімдерін жеткізу көлемі артуы себеп болған
Былтыр Қазақстанда 23 270 тонна уран өндіріліп, 16,6 мың тонна уран шикізаты сатылды.