
Қазақстандық «Робокэш.кз» микроқаржы ұйымы (Zaimer.kz бренді) Қазақстан қор биржасында долларлық облигацияларын сәтті орналастырып, нарықтан 5 миллион АҚШ доллары көлемінде қаражат тартты.
Облигациялар жылдық 10% табыстылықпен екі жыл мерзімге шығарылды. Бір құнды қағаз номиналы — 100 АҚШ доллары. Бұл ұйым үшін KASE-дегі алғашқы облигациялық мәміле болды.
Андеррайтері — BCC Invest. Компанияның өкілі Аманат Ысқақовтың айтуынша, микроқаржы ұйымдарының облигацияларына инвестиция тарту нарықта сұранысқа ие бағытқа айналып келеді, өйткені бұл сектор шағын және орта бизнесті несиелеудің балама жолдарын ұсынуда.
«Робокэш.кз» — жеке тұлғалар мен кәсіпкерлерге онлайн микрокредит беруге маманданған микроқаржы ұйымы. Осыған дейін микроқаржы ұйымы (МҚҰ) акционеріне 1,1 млрд теңге дивиденд төлеген. Ол микроқаржы ұйымының 2023 жылғы қызметі үшін аударылған.