Бомбардиро Крокодило: Балалар көретін бейнелердің артында не жатыр

Жарияланды 16 Мамыр 2025 10:50

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Бомбардиро Крокодило: Балалар көретін бейнелердің артында не жатыр / фото: Youtube скрин

Соңғы уақытта TikTok пен басқа да әлеуметтік желілерде «Бомбардиро Крокодило» және «Тралалело Тралала» атты кейіпкерлері бар бейнелер кеңінен таралып, балалар мен жасөспірімдер арасында трендке айналды. Алғашында көңілді, мультфильмге ұқсас контент болып көрінгенімен, олардың астарында не жатқаны мен аудармаға назар аудара қоймады.

Бұл кейіпкерлер — «итальяндық брейнрот» деп аталады екен. Брейнрот (ағылшын тілінен — «мидың шіруі») — ешқандай мағынасы, тәрбиелік мәні не ақпараттық құндылығы жоқ бейнелер мен суреттерге берілетін атау. Соған қарамастан, бұл видеолар TikTok-та миллиондаған қаралым жинап, мемге айналып отыр. Әдетте бұл видеоларда:

  • мағынасыз сөздер мен итальян тілін еске салатын жалған сөйлемдер;
  • ИИ (жасанды интеллект) көмегімен жасалған фантастикалық жануарлар;
  • тартымды, бірақ мазмұнсыз әуендер;
  • күлкілі, бірақ біртүрлі көріністер кездеседі.

Басты кейіпкерлер

Тралалело Тралала — үш аяқты, көк түсті Nike кроссовка киген акула. 2025 жылдың қаңтар айында алғашқы брейнрот видеосында пайда болды.

Бомбардиро Крокодило — қолтырауын мен әскери ұшақтың гибриді. Оның денесіне Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Boeing B-17 бомбалаушы ұшағының элементтері жалғанған. Кейбір бейнелерде оның басы ұшақтың тұмсығына қойылған, басқа нұсқаларда оған қанат, дөңгелек және құйрық жалғанған. TikTok-тағы ең танымал бейнекейіпкерге айналды.

Желі қолданушылары арасында таралған мәтіндердің бірінде бұл кейіпкер туралы:

«Балаларды бомбылайтын, Аллаға сенбейтін, аналардың рухын жейтін…» деген сынды сорақы сөздер кездеседі.

Қолтырауын бейнеленген бейненің түп нұсқасында: «un fottuto alligatore volante che vola e bombarda i bambini a Gaza e in Palestina. Non crede in Allah e ama le bombe» итальян тілінде айтылады.

Сөзбе сөз аудармасы: «Газа мен Палестинадағы балаларды бомбалап жатқан аллигатор. Ол Аллаға сенбейді және бомбаларды жақсы көреді».

Мұндай мазмұн жасөспірімдерге арналған көңілді видеоның астында жасырылғаны көпшілікті шошытты. Бұл видеолар балалар үшін визуалды түрде күлкілі әрі тартымды көрінгенімен, олардың артында діни мазақ, зорлық-зомбылық пен агрессияны насихаттайтын мағына жатуы мүмкін.

Балалар мен жасөспірімдер көп жағдайда мазмұнға емес, көрініске елітіп, мұндай контенттің мән-мағынасына терең үңілмейді.

Қолтырауын мен акуладан бөлек тағы ондаған кейіпкер бар.

Еске сала кетейік, бір кездері балалар мен жасөспірімдер арасында суицид жағдайлары көбейген еді. Сол кезде ата-ана мен психологтар балаларға мобильді ойындар әсер ету мүмкін деп дабыл қаққан еді.

Сондай-ақ оқыңыз