Қазақстанда фонограммаға тыйым салынуы мүмкін
Жарияланды

Қазақстанда фонограмма қолдануға толық тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы мәлімдеді.
Депутаттың айтуынша, Мәжіліс отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралған. Жұмыс тобы бұл құжаттағы «Қазақстанда фонограммаға толық тыйым салу» туралы норманы бірауыздан қолдап отыр.
Халық жанды дауыспен шырқалған шынайы өнерді көруге, тыңдауға лайық. Ағайынды алдауға болмайды!,– деді депутат.
Фонограммаға тыйым салу бастамасы бұған дейін де көтерілген болатын. Дегенмен заңға арнайы норма енгізу ұсынысын Мәдениет және ақпарат министрлігі қолдамаған еді.