Украина мен Ресей арасындағы келіссөз 16 мамырда өтетін болды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Россия, Украина
Украина мен Ресей арасындағы келіссөз 16 мамырда өтетін болды / фото: shutterstock

Украина мен Ресей делегациялары арасындағы келіссөздер 16 мамыр күні Түркияның Ыстанбұл қаласында басталады. Бұл туралы 15 мамырда ТАСС агенттігі өз дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлады.

Екі ел арасындағы келіссөздер 15 мамырға жоспарланған еді. Алайда, ТАСС-тың мәліметінше, кездесудің кейінге қалуына «логистикалық мәселелер» себеп болған.

Украина Президенті Владимир Зеленский келіссөздерге елдің Қорғаныс министрі Рустем Умеров бастаған делегацияны жіберіп, өзінің қатыспайтынын айтты.

Ал Ресей делегациясын Президенттің көмекшісі Владимир Мединский басқарады. Алайда Ресей тарапының құрамында бірде-бір министр жоқ – келіссөздерге РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавров та, Қорғаныс министрі Андрей Белоусов та қатыспайды.

Сондай-ақ оқыңыз