Алматы экономикасы 4 айда 9,1%-ға өскен

4 айда Алматы экономикасы 9,1%-ға өскен. Ал шаһардың жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнімі 27 557 долларды құраған. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
«2025 жылдың алғашқы 4 айында мегаполис экономикасы 9,1% өсті. 2024 жылдың қорытындысы бойынша Алматыда жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім (ЖӨӨ) 27 557 АҚШ доллары болды – бұл ел бойынша ең жоғары көрсеткіштердің бірі», – делінген баспасөз хабарламасында.
Әкімдіктің мәліметінше, мына салалар жақсы өсім көрсеткен.
- Көлік және қойма – +23,9%
- Құрылыс – +21,3%
- Өңдеу өнеркәсібі – +17,6%
Нәтижесінде қала инвестиция, инновация және бизнес орталығы ретіндегі көшбасшылығын сақтап қалды.
Жалпы өңірлік өнім дегеніміз белгілі бір өңірдің бір жылда өндірген барлық тауары мен қызметінің жиынтық құны. Ал жан басына шаққандағы ЖӨӨ жоғары болған сайын қала тұрғындарының өмір сүру сапасы да жақсара түседі.