Курсив Өзбекстандағы ең көп сілтеме жасалатын үздік басылымдар бестігіне кірді

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Kursiv Uzbekistan
Kursiv Uzbekistan ең үздік басылымдар санатында / Коллаж: kursiv.media; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Kursiv Uzbekistan Brand Analytics нұсқасы бойынша елдегі ең көп сілтеме жасалатын басылымдар бестігіне кірді.

«Kursiv Uzbekistan іскерлік басылымы Brand Analytics нұсқасы бойынша ең көп сілтеме жасалған басылымдардың бестігіне енді. Деректер Өзбекстандағы әлеуметтік медиа аналитикасы бойынша бірінші өндірістік конференцияда жарияланды», – деп хабарлайды Өзбекстандағы әріптестер.

2025 жылдың наурыз айының қорытындысы бойынша Kursiv Uzbekistan 9071 индексімен аталмыш рейтингте бесінші орынға шыққан. Бұл индекс 2025 жылдың наурыз айында Өзбекстанның әлеуметтік желілерінде тіркелген «Курсив» материалдарына жасалған сілтеме саны негізінде құралады.

Brand Analytics компаниясының стратегиялық коммуникациялар жөніндегі директоры Василий Черный бұл рейтингтің объективті екенін әрі оны тексеруге болатынын айтты.

Brand Analytics Conference Uzbekistan 2025 барысында Орталық Азия компанияларының үздік кейстері талданған.

Сондай-ақ оқыңыз