Президент сөгісінен кейін, Көлік министрлігінде тексеріс басталды

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Марат Қарабаев президенттен сөгіс алған болатын / Фото: kursiv.media архив

Президенттен сөгіс алған Көлік министрі Марат Қарабаев министрлікті жемқорлық тәуекелдеріне тексеруді бастайды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі 2025 жылғы 20 мамырдан бастап Цифрландыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер департаменттерінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталатыны туралы жұртшылықты хабардар етеді», – делінген министрлік хабарламасында.

Еске сала кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында Марат Қарабаевқа сөгіс жарияланған болатын. Президент көлік және логистика саласындағы бірқатар мәселелердің шешілмегеніне, орган басшылары баяндағандай шаралардың тиімді жүргізілмейтініне күмән келтірген. Тоқаев саладағы кемшіліктерді жою бойынша нақты және шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды.

Сондай-ақ оқыңыз