KASE-ден кеткен Алина Алдамберген жаңа қызметке тағайындалды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Алина Алдамберген
Алина Алдамберген жаңа қызметке тағайындалды/ Фото: ашық дереккөзден

Алина Алдамберген «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының тәуелсіз директоры болып тағайындалды. 2025 жылғы 6 мамырда қордың жалғыз акционері – «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі осындай шешім қабылдады.

Алина Алдамбергеннен бөлек директорлар кеңесінің жаңа мүшесі ретінде акционер өкілі болып «Бәйтерек» холдингінің басқарушы директоры Әлия Мырзағалиева да сайланды.

Алина Алдамберген 2025 жылдың 28 наурызынан бастап KASE басқарма төрайымы қызметінен кеткен еді. Бұл қызметте тоғыз жыл отырды.

Алдамберген орнына Қазақстан қор биржасының жаңа басшысы ретінде  Әділ Мұхамеджанов тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыз