Каспий құбыры консорциумы мен Теңізшевройл: АҚШ шектеуді алып тастады

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Фото: коллаж KursivMedia, бильд-редактор Ахтам Зиперов

АҚШ Қаржы министрлігі Каспий құбыр консорциумы (КҚК) мен қазақстандық «Теңізшевройл» жобасымен операция жасауға рұқсат берді. Бұл туралы министрліктің сайтында жарияланған лицензияда көрсетілген.

«2025 жылғы 10 қаңтардағы шешіммен тыйым салынған, бірақ КТК немесе Теңізшевройл жобаларына байланысты барлық операцияларға рұқсат етіледі», — деп жазылған. Бұған дейінгі лицензияның мерзімі 2025 жылдың 28 маусымында аяқталады.

КҚК – ұзындығы 1511 шақырым болатын, мұнай тасымалдайтын құбыр жүйесі. Ол Батыс Қазақстандағы мұнай кен орындарын Новороссийскідегі теңіз терминалымен байланыстырады. Бұл – Қазақстан мұнайының 80%-дан астамы экспортталатын негізгі бағыт.

2024 жылы КҚК арқылы 63 млн тонна мұнай тасымалданды. Ол 2023 жылмен салыстырғанда 0,47 млн тоннаға (0,73%) аз.

Осы жыл басында АҚШ өз компанияларына Ресейдегі мұнай өндірісімен айналысатын кәсіпкерлермен жұмыс істеуге тыйым салды. Оған Ресей-Украина арасындағы соғыс үшін салынған санкциялар себеп болып тұр.

Сондай-ақ оқыңыз