«Қазақмыс» 2024 жыл үшін дивиденд төлемейтін болды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
«Қазақмыс» шахтерлер ереуілінен кейін жалақы көтереді
Kazakhmys Copper АҚ 2024 жыл үшін дивиденд төлемейді. / Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Kazakhmys Copper АҚ 2024 жыл үшін дивиденд төлемейді. Компанияның жалғыз акционері осындай шешім қабылдаған. Бұл туралы Қазақстан қор биржасына шығарған хабарламасында жазылған.

«2024 жылы таза табыстың болмауына байланысты қарапайым акциялар бойынша дивиденд төлемеу және есептемеу», – деп жазылған «Қазақмыстың» қаржылай есебінде.

Ресми құжатқа сенсек, компанияның жеке капиталы бір жыл ішінде 8,26%-ға өскен. 2023 жылғы есеп бойынша, жеке капиталы 739,2 млрд теңгені құраса, 2024 жылы бұл көрсеткіш 805,7 млрд-қа тең.

Кәсіпорынның жарғылық капиталы 173 млрд теңгені құрайды. Компания түсімі де бір жыл ішінде 7%-ға артып, 1,3 трлн теңгені құрады.

«Қазақмыс» акциясының да құны артты. 2023 жылы қарапайым бір акциясының құны 20,79 теңге болса, 2024 жылда 22,55-ке жетті.

Kazakhmys Copper компаниясына Kazakhmys Holding Limited компаниясы иелік етеді. Ал ол ұйым миллиардер Владимир Ким мен Эдуард Огайға тиесілі.

Компания құрамына кіретін Kazakhmys Barlau жақында шығыстан жаңа кен орнын барлауға кіріскені жайлы хабарланған еді.

Сондай-ақ оқыңыз