Әйгілі сазгер Людовико Эйнауди: қазақ шапаны — ең бағалы кәдесый

Жарияланды 16 Мамыр 2025 15:46

Талғат Дүйсенбек

Талғат Дүйсенбек

Business News бөлімінің тілшісі t.bukharbaev@kursiv.media
Людовико Эйнауди Астана мен Алматыға сапарын еске алып, қазақ шапанын мақтады / коллаж: Kursiv.Media, бильд-редактор Ахтам Зиперов
Людовико Эйнауди Астана мен Алматыға сапарын еске алып, қазақ шапанын мақтады / коллаж: Kursiv.Media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Әйгілі пианист әрі композитор Людовико Эйнауди екі жыл бұрын Қазақстанға келген уақытта сыйға алған қазақ шапанын «ең бағалы кәдесый» деп атады. Италиялық өнерпаздың сұхбаты Financial Times басылымында жарияланды.

Классикалық музыка жұлдызы шабыт және талғам туралы әңгімеледі. 69 жастағы сазгер табиғатты музыка тіліне түсіргенді ұнатады.

«Шабыт іздеген уақытта, мен табиғатқа — ағашқа, оның жапырақтырың әлсіз діріліне үңілемін. Табиғатты музыка тіліне аударуға тырысқан қызықтырады. Тау сілемдеріне көз жүгіртіп, оны музыка формасына түсіруге болады. Тау етегінен бастап ең биік шыңына дейін көтерілесіз, сосын төмен қарай ылдилайсың», – дейді Эйнауди.

Ол жаңа бір елге, жерге келген уақытта пианиноға отырып, өзгеше ғажап туынды шығаратынын, ал терең, күрделі шығарманы үйдегі студияда жазатынын айтты. Композитор екі жыл бұрын Қазақстанға жасаған сапарын ерекше сезіммен еске алды.

«Ең бағалы кәдесый — Қазақстаннан әкелінген өте әдемі шапан. Оны 2023 жылы Алматы мен Астанада концерт берген уақытта ұйымдастырушылар сыйлаған. Дәстүрлі қазақ киіміне түрлі-түсті оюлар, кестелер басылған», – дейді қоңыр шапанымен мақтанған музыкант.

Оның сүйікті композиторы – Вивальди, тәтті тағамы – ақ ризотто, сүйкімді ғимараты – Паксос грек аралындағы Лонгос балықшылар ауылы. Сазгердің пікірінше, талғамы биік тұлға – Мик Джаггер.

Сондай-ақ оқыңыз