Digital nomads: қашықтан істейтіндер 2025 жылы қай жерден жұмыс істей алады

Жарияланды
Фото: kursiv.media архивінен

Дижитал көшпенді болу кейінгі кезде трендке айналып жатыр. Ол кәдімгідей толыққанды өмір салтына айналып үлгерген. Сол қарқын 2025 жылы тіпті күшейеді. Осы ретте биыл қай елдерде тұрып, қашықтан жұмыс істеуге болатынын тізіп шыққанды жөн көріп отырмыз. Бүгінгі материалымызда digital nomad-тарға ең қолайлы нұсқаларды шоламыз. Оның ішінде виза туралы, коуоркиң мен өмір сүру деңгейін де айтамыз.

Дижитал көшпенділер неге басқа елдерде тұрып, жұмыс істегісі келеді?

Заманауи дижитал көшпенділер табиғаты әдемі, жылы жерлерді ғана емес, инфрақұрылымы дамыған, қашықтан жұмыс істеуге жағдайы жасалған елдерде тұрғысы келеді. 2025 жылы мына нәрселерге баса назар аударады:

  • Digital nomad-тарға арналған арнайы визалық бағдарламаларды қарастырады;
  • Интернеті жақсы істейтін, IT-инфрақұрылымы дамыған елдерді таңдайды;
  • Салығы аздау, өмір сүруге кететін шығын қымбат емес ел болса дейді;
  • Нетуоркиңге мүмкіндік көп, мәдени ортасы қалыптасқан елдерді қарастырады.

2025 жылы дижитал номадтарға қолайлы елдер

1. Португалия

  • Қала: Лиссабон, Мадейра
  • Бағдарлама атауы: 1 жылға берілетін, ұзартуға болатын Digital Nomad Visa
  • Жақсы жақтары: Күн жылы, инфрақұрылымы дамыған, экспаттар қауымдастығы бар, коуоркиң көп.
  • Кемшіліктері: Жалға үй алу жыл өткен сайын қымбаттап жатыр.

2. Индонезия (Бали)

  • Қала: Убуд, Чангу, Семиньяк
  • Бағдарлама атауы: 10 жылдай уақытқа берілетін Second Home Visa
  • Жақсы жақтары: Үй жалдау арзан, креатив кеңістік бар, табиғаты ғажап.
  • Кемшіліктері: Туристер көп жүретін аймақтарда адам ығы-жығы, кейде интернет істемей қалуы мүмкін.

3. Таиланд

  • Қала: Бангкок, Чиангмай, Пхукет
  • Бағдарлама атауы: 10 жылдай уақытқа берілетін Long-Term Resident Visa (LTR)
  • Жақсы жақтары: Бағасы арзан, инфрақұрылымы жамыған, көпқабатты коуоркиң көп.
  • Кемшіліктері: Фрилансерлерге визалық шектеулері бар.

4. Грузия

  • Қала: Тбилиси, Батуми
  • Бағдарлама атауы: 1 жылға берілетін Remotely From Georgia
  • Жақсы жақтары: Резидент еместердің табысынан салық ұсталмайды, өмір сүру арзан.
  • Кемшіліктері: Саяси ахуалы тұрақсыз.

5. Мексика

  • Қала: Мехико, Плайя-дель-Кармен
  • Бағдарлама атауы: 1-4 жылға берілетін Temporary Resident Visa
  • Жақсы жақтары: Виза алу оңай, сан-алуан мәдениет бар, бағасы арзан.
  • Кемшіліктері: Қауіпсіздік жағына кепілдік жоқ.

2025 жылы қай елдерге дижитал көшпенділер көп қоныстанып жатыр?

1. Дубай, БАӘ

  • Өмір сүру деңгейі жоғары, интернет жылдам істейді, салыққа жеңілдік жасалады.
  • Азия мен Еуропада бизнес жүргізетіндерге стратегиялық тұрғыда қолайлы ел. Бірақ қымбат.

2. Барселона, Испания

  • Жұмыс істеуге қолайлы заманауи коуоруиң көп, визалық бағдарламалары қолайлы, мәдениеті бай.
  • Жалға үй алу қымбаттап жатыр. Өмір сүру деңгейі де жоғары.

3. Лиссабон, Португалия

  • Digital nomad-тарға арналған мәдени орталыққа айналған. Стартап пен конференция көп.
  • Үй жалдау қымбаттап жатыр.

4. Тбилиси, Грузия

  • Үй бағасы да, қызмет көрсету деңгейі де шамалас.
  • IT-фрилансерлерге салық шарттары өте қолайлы.

Digital nomad-тарға арналған визалық бағдарламалар топтамасы

  • Work From Bermuda Certificate (Бермуд аралдары): 1 жылға беріледі, кейін 3 жылға созуға болады. Кемінде жылдық табысыңыз 50 000 доллар болуы керек.
  • Cape Verde Remote Working Visa (Кабо-Верде): 6 айға беріледі, создыра аласыз. Айына 1500 еуро табыс түсіп тұруға тиіс.
  • Malta Nomad Residence Permit (Мальта): 1 жылға беріледі. Айына 2700 еуроадан жоғары табысыңыз болуы керек. 3 жылға ұзартуға болады.
  • Barbados Welcome Stamp (Барбадос): қашықтан істейтіндерге 1 жылға беріледі. Кемінде жылына 50 000 доллар табуыңыз қажет.
  • Mauritius Premium Visa (Маврикий): Шетелдіктерден салық ұсталмайды. 1 жылға беріледі. Тұрақты табысыңыз бар екенін дәлелдеуіңіз керек.
  • Estonia Digital Nomad Visa (Эстония): Фрилансерлер мен жеке кәсіпкерлерге 1 жылға беріледі. Кемінде айына 3500 еуро табыс болуы керек.
  • Czech Republic Freelance Visa (Чехия): 1 жылға беріледі. Ұзартуға болады. Фрилансерлер мен IT- мамандарға арналған. Минимум табыс — айына 1800 еуро болуы керек.
  • Costa Rica Rentista Visa (КостаРика): 2 жылға беріледі. 60 000 долларға депозит саласыз, болмаса айлық табысыңыз 2500 доллар болуы қажет.
  • Serbia Remote Work Visa (Сербия): Виза 1 жылға беріледі. Айлық табыс — 3000 еуродан бастап. Шетелдіктерге салыққа жеңілдік жасалады.
  • Montenegro Digital Nomad Visa (Черногория): 1 жылға беріледі. Айына 2000 еуродан асатын табыс керек. Тағы бір жылға ұзартуға болады.
  • Saint Lucia Non-Habitual Resident Program (Сент-Люсия): Қашықтан істейтіндерге 12 айға беріледі. Айына 5000 доллар табысыңыз болуға тиіс.
  • Sri Lanka Digital Nomad Visa (Шри-Ланка): 1 жылға беріледі. Айына 2000 доллар табуыңыз керек. Ішіне тұратын жерге және коуоркиңдерде жұмыс істеуге жеңілдік кіреді.
  • Romania Digital Nomad Visa (Румыния): 1 жылға беріледі. Ұзартуға болады. Айына кемінде 3300 еуро табуыңыз керек.
  • South Africa Remote Work Visa (ОАР): 1 жылға беріледі. Айына 3000 доллардан асатын табысыңыз барын дәлелдеуіңіз керек.
  • Malaysia DE Rantau Nomad Pass (Малайзия): 12 айға беріледі. Ұзартуға болады. Бір адам 2000 доллар табуы керек, отбасы болса 3000 доллардан асатын табысыңыз болуы шарт.
  • South Korea Workcation Visa (Оңтүстік Корея): 6 айға беріледі. Созуға болады. Айына 3500 доллардан астам табыс кіріп тұруға тиіс.
  • Philippines SRRV (Филиппин): Қашықтан істейтіндерге берілетін, шексіз виза. 20 000 долларға депозит саласыз, болмаса айына 1500 доллар табысыңыз бар болуы керек.
  • Singapore Tech.Pass (Сингапур): 2 жылға беріледі, ұзартуға болады. Айына 8000 доллар түсіп тұруы керек. Болмаса, стартабыңыз табысты болуы қажет.
  • Vietnam Digital Nomad Visa (Вьетнам): 6-12 айға беріледі. Айына 2000 доллар табысыңыз болуы шарт.
  • Taiwan Entrepreneur Visa (Тайвань): 1-3 жылға беріледі. Стартап не инновациялық жобаңыз болуы шарт.
  • Japan Highly Skilled Professional Visa (Жапония): 1–5 жылға беріледі. Табысыңыз таудай болуы керек, болмаса магистр/доктор дәрежеңіз болуы қажет.
  • Georgia Remotely From Georgia (Грузия): 1 жылға беріледі. Табысыңыз айына 2000 доллардан жоғары болуы керек.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін фрилансерлерге арналған гайд дайындаған едік.

Сондай-ақ оқыңыз