Жаңалықтар

Қазақстанда eGov.kz, e-Otinish және басқа да сервистер уақытша жұмыс істемейді

eGov Mobile арқылы жеке деректердің таралып кеткені туралы білуге болады
17 мамыр күні сағат 00:00-ден 08:00-ге дейін eGov.kz және бірқатар сервистердің жұмысы уақытша істемейді / Фото: shutterstock; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Egov.kz-тің ресми Telegram-арнасы бірқатар мемлекеттік порталдардың жұмысы уақытша істемейтінін хабарлады.

Таратылған ақпаратқа сәйкес, 17 мамыр күні сағат 00:00-ден 08:00-ге дейін бірқатар мемлекеттік порталдардың жұмысы уақытша қолжетімсіз болады.

Уақытша қолжетімсіз болатын платформалар:

  • eGov.kz порталы және eGov mobile мобильді қосымшасы (оның ішінде «Цифрлық құжаттар» сервисі);
  • e-Otinish, E-license порталдары және Ашық үкімет жүйелері;
  • Ұлттық куәландырушы орталықтың сервистері;
  • «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ сүйемелдейтін өзге де жобалар;
  • Электрондық үкімет шлюзі арқылы интеграцияланған екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларындағы және басқа жүйелердегі мемлекеттік қызмет көрсету сервистері.

Ұйым өкілдері техникалық жұмыстар кезінде қолайсыздықтар туындамас үшін азаматтарға барлық қажетті операцияларды алдын ала аяқтауды және егер қажет болса, құжаттардың түпнұсқаларын дайындап қоюды ұсынды.

Айта кетейік, Egov порталында жаңа қызмет түрі пайда болды. Енді әскери жоғары оқу орындарына Egov арқылы түсуге болады.