Жаңалықтар

Өскеменде тұрғындарды 1 млрд теңгеге алдаған мердігер сотталды

Өскеменде тұрғындарды 1 млрд теңгеге алдаған мердігер сотталды
Өскеменде тұрғындарды 1 млрд теңгеге алдаған мердігер сотталды/Фото: shutterstock

Өскемен қаласының №2 соты аса ірі мөлшердегі алаяқтық бабы бойынша тергелген 80-нен астам тұрғынды алдаған мердігердің ісін қарады.

Істің мән-жайы

Сот барысында 2021 жылдың наурыз айында сотталушы. Д. жалған кіріс анықтамасын ұсына отырып, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы мен тұрғын үй кешенін бірлесіп салу туралы келісім-шарт жасаған. Келісімге сәйкес, сотталушы үш тұрғын үй салуға міндеттеніп, бұл мақсатқа ӘКК тарапынан ЖШС-не 206 536 124 теңге қаржы аударылған. Кейіннен бұл қаражатқа сотталушы Д. иелік еткен.

Сотталушы 2021 жылдың тамызынан 2023 жылдың тамызына дейін 85 жәбірленушімен пәтерді алдын ала брондау туралы келісім-шарт жасасып, салынып жатқан тұрғын үйлерден пәтер беруге уәде берген. Жәбірленушілер оның қылмыстық ниеті туралы білмей, ЖШС шотына жалпы сомасы 1 096 663 005 теңге көлемінде алдын ала төлем жасаған. Қылмыстық іс бойынша келтірілген жалпы залал 1 273 199 129 теңгені құраған.

Тараптардың ұстанымы:

Прокурор 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыруды сұрады.

Азамат.Д. болса кінәсін мойындамай, өзін ақтауды сұраған.

Сот үкімі

Сот азамат Д.-ны ҚР ҚК 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша кінәлі деп танып, 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру, мүлкін тәркілеу және 10 жылға дейін коммерциялық салада қызмет ету құқығынан айыру жазасын тағайындады.

Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемелерінде өтеу белгіленді.

Жәбірленушілердің азаматтық талап-арыздары шешілді.

Бұған дейін, 2 млрд теңгені жымқырған сот сараптама орталығының басшысы қамауға алынған.