Тоқаевты туған күнімен қай елдің басшылары құттықтады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа төл мерекесіне орай құттықтаулар легі келіп жатыр.
Президентті қоңырау шалып құттықтағандар арасында Ресей Президенті Владимир Путин, Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев пен БАӘ Вице-президенті шейх Мансұр бен Заид Әл Нахаян бар.
Шет мемлекеттердің басшылары Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тілеген.
Одан бөлек шет мемлекеттер мен үкіметтердің басшыларынан, парламент спикерлерінен, халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық миссиялар өкілдерінен құттықтаулар мен жеделхаттар келіп жатқаны хабарланды.
Мемлекет басшысының атына Ресей Президенті Владимир Путин, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Италия Президенті Серджо Маттарелла, Молдова Президенті Майя Санду, Словакия Президенті Петер Пеллегрини, Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбан, Армения Премьер-Министрі Никол Пашинян, Ресей Федералды Жиналысы Федерация Кеңесінің Төрайымы Валентина Матвиенко, Татарстан Раисы Рустам Минниханов, ТМД Бас хатшысы Сергей Лебедев, Мәскеу және бүкіл Ресей патриархы Кирилл және тағы да басқа тұлғалар құттықтау жеделхаттарын жолдаған.
Сонымен қатар ел азаматтары, Қазақстанның көрнекті саяси және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері жүрекжарды лебіздерін жеткізген.
Ақорда құттықтау хаттары мен жеделхаттар әлі де келіп түсіп жатқанын атап өтті.
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бүгін 72 жасқа келіп жатыр.