Қазақстанда саяхат пен ұзақ сапарға арналған сенімді автокөлікті қалай таңдау керек

Қазақстан – үлкен аумақты алып жатқан, табиғаты мен климаты алуан түрлі мемлекет. Мұнда жайлы қалалық жолдармен қатар, жолы жоқ күрделі бағыттар да жиі кездеседі. Сондықтан көлік таңдағанда бірінші кезекте оның жергілікті жағдайларға бейім болуы мен сенімділігіне назар аудару қажет.
Климаттық ерекшеліктер мен жол жағдайлары
Қазақстанда қыс қатты әрі ұзақ, кей өңірлерде ауа температурасы −40 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Жазда, керісінше, аптап ыстық 40 градустан асады. Мұндай ауа райы жағдайлары көліктің техникалық жағдайына әсер етеді: аккумулятордың, қозғалтқыштың, отын жүйесінің жұмысын қиындатады. Сонымен қатар жолдардың жағдайы әркелкі. Ірі қалалар мен негізгі магистралдарда жол сапасы жақсы болғанымен, ауылдық жерлер мен алыс аймақтарда шұңқырлы, қиыршық тасты жолдар жиі кездеседі. Мұндай жағдайда автосарапшылар саяхатқа биіктеу, толық жетекті көлікпен шыққан абзал деп ескертеді.
Саяхатқа көлік таңдаудағы негізгі талаптар
Көлік таңдау кезінде бірнеше маңызды факторға назар аудару керек. Біріншіден, көлік сенімді болуы қажет. Жөндеу жұмыстары қарапайым және қосалқы бөлшектердің ел ішінде оңай табылуы маңызды. Екіншіден, отын шығыны жағынан да авто үнемді болғаны жөн. Себебі Қазақстанда қалалар мен елдімекендер арақашықтығы өте үлкен, әсіресе қалалар арасында. Дизельдік немесе газбен жүретін көліктер бұл жағынан тиімді. Үшіншіден, көліктің багаж бөлімі кең болса, алыс сапарларда керек заттарды, қосымша жанармай мен құрал-саймандарды алып жүруге ыңғайлы болады.
Қандай көлік таңдау керек: үлгілер мен нұсқалар
Егер сіз жолы қирап қалған немесе мүлде асфальты жоқ бағыттармен жиі жүретін болсаңыз, ең тиімді шешім жол талғамайтын көліктер. Мысалы, Toyota Land Cruiser – сенімділігімен танымал, ұзақ сапарлар мен ауыр жағдайларға төтеп бере алатын көлік. Mitsubishi Pajero және Nissan Patrol да Қазақстандағы күрделі жолдарға жақсы бейімделген.
Егер қала ішінде және жақын маңдағы ауыл жолдарында жүрсеңіз, кроссоверлер қолайлырақ: Toyota RAV4, Hyundai Tucson немесе Subaru Forester сияқты модельдер жанармайды үнемдейді. Ауылдық жерлерде немесе жүк тасуға арналған көлік қажет болса, пикаптар – жақсы нұсқа. Toyota Hilux немесе Ford Ranger сияқты үлгілер берік әрі сенімді. Қалалық өмір үшін қарапайым седан түріндегі көліктер де жарамды, мысалы, Toyota Corolla немесе Lada Granta.
Жаңа көлік немесе тізгінделген көлік
Ұзақ жолдарға жаңа көлікті таңдаған дұрыс, себебі ол техникалық ақаусыз болады. Алайда оның бағасы жоғары. Қолданылған көлік арзан, бірақ сатып аларда мұқият тексеру қажет. Қазақстанда бұрын пайдаланылған жапон, корей және ресейлік көліктер көптеп кездеседі әрі олардың сапасы жаман емес.
Сапарға дайындық барысында нені ескеру керек?
Көлікпен ұзақ сапарға шыққанда, қажетті қосымша жабдықтарды ұмытпаған жөн. Мысалы, қыс мезгілінде орындық, айналар мен алдыңғы әйнекті жылыту жүйесі маңызды. Қараңғы жолдар үшін жарығы мықты шамдар қажет. Сонымен қатар әрқашан өзіңізбен бірге қосалқы дөңгелек, арқан, компрессор, канистра және алғашқы көмек қобдишасы болғаны жөн.
Үлкен қалаларда көлік ұрлығынан қорғану үшін дабыл жүйесін орнату ұсынылады. Міндетті сақтандыру да аса маңызды. Ал жаңа немесе бағасы қымбат көлік үшін КАСКО алған дұрыс.
Сенімді көлік таңдаудың маңызы
Қорытындылай келе, көлік таңдау кезінде ең бастысы – оның сыртқы түрі емес, Қазақстандағы нақты пайдалану жағдайларына сәйкес келуі. Сенімді, үнемді, жол жағдайына бейімделген көлік сізге кез келген бағытта қауіпсіз әрі жайлы сапарға шығып, саяхаттауға мүмкіндік береді.
Еске сала кетсек, жуырда Нью-Йорк қаласында өткен автокөрмеде әлемдегі ең мықты көліктер тізімі жарияланған еді. Жиында «Жылдың үздік көлігі» болып Оңтүстік Корея автоконцерні Kia-ның EV3 моделі танылды.