Eurovision ән байқауында аустриялық әнші жеңіске жетті

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің редакторы
Eurovision-2025 ән байқауының жеңімпазы анықталды / Фото: kursiv.media архив

Eurovision-2025 ән байқауында аустриялық әнші жеңіске жетті. Аустриялық Йоханнес Питч (JJ) поп-опера стиліндегі «Wasted Love»  туындысымен көпшіліктің жүрегін жаулаған.

Жарыс Швейцарияның Базель қаласында өткен. Бәсекеде көп өнер иелері бақ сынаған. Жарыстың соңына дейін Израиль әншісі Юваль Рафаэль топ жарып келе жатқан. Бірақ соңғы сын сағатта өзінің төл туындысымен JJ алға шыққан.

Бұл Аустрияның байқаудағы үшінші жеңісі. Бұған дейін Аустрия Eurovision-1966, Eurovision-2014 байқауларында жеңген.

Жалпы ән байқауына 26 үміткер қатысып, басым бөлігі өзінің ана тілінде ән шырқаған.

Сондай-ақ оқыңыз