Мексиканың желкенді кемесі Бруклин көпіріне соғылып, 22 адам зардап шекті

Мексика әскери-теңіз күштерінің желкенді кемесі Бруклин көпіріне соғылып, салдарынан 22 адам жарақат алған. Бұл туралы Reuters басылымы хабарлады.
«Нью-Йорк мэрі Эрик Адамс сенбіге қараған түні шамдармен және алып жалаумен безендірілген Мексика Әскери-теңіз күштерінің желкенді кемесі Бруклин көпіріне соғылып, кеменің биік діңгектері құлап, салдарынан 19 адам жарақат алғанын хабарлады», – деп жазады басылымы.
Cuauhtemoc кемесінің көпірге соғылғаны туралы виедо-роликтер әлеуметтік желілерде де тарай бастаған. Артынша Мексика Әскери-теңіз күштері мәлімдеме жасап, апат кезінде 19 емес, 22 адамның зардап шеккенін, оның тек 19-ы жергілікті ауруханаларға жүгінген хабарлады.
Басылым хабарлауынша, апаттан кейін құтқару жұмыстары талап етілмеген. Бортта болған 277 адамның ешқайсысы суға құламаған.