Алматыдағы барлық мұражайда «Музейдегі түн» шарасы өтеді

Алматыдағы барлық мұражайда «Музейдегі түн» шарасы өтеді. 18 мамыр күні барлық мұражай түнгі 12-ге дейін жұмыс істейді.
Аталмыш акция аясында барлық мұражайда жылына бір рет қана қойылатын бірегей экспонаттардың көрмесі ұйымдастырылады. Сонымен бірге «Жұлдызды гид» акциясы, «Музейге сыйлық» сынды шаралар ұйымдастырылады.
Бұдан бөлек балаларға арналған танымдық ойындар, шеберлік сыныптары, театрландырылған қойылымдар, жасанды интеллекті пайдаланатын фотоаймақтар, ашық аспан астындағы фильмдер көрсетілімі, сондай-ақ жұлдыздардың қатысуымен концерттік бағдарламалар өтеді.
Концерттік бағдарама аясында Еркеш Хасен, Ернар Амандық, «Алатау серілері» тобы, Ғалымжан Жанықұлов, Аңсаған Садырханов, «Жаңа ғасыр» театры, «Жас сахна» театры, Талғат және Мұрат Әбуғазиевтер өнер көрсетеді.
«Музейдегі түн» шарасы мына мекенжайларда өткізіледі:
- Алматы мұражайы – Қабанбай батыр көшесі, 132
- Ыхлас атындағы халық музыкалық аспаптар мұражайы – Зенков көшесі, 24а
- Д.А. Қонаев – Төлебаев көшесі, 117
– А.Байтұрсынұлының мұражай-үйі – Байтұрсынұлы, 60 - С.Мұқановтың мұражай-үйі – Төлебаев көшесі 125
- Ғ.Мүсіреповтің мұражай-үйі – Төлебаев көшесі 130
- Дәстүрлі музыка мультимедиялық орталығы – Нұркент шағын ауданы 5/11