Жаңалықтар

Мысыр әуежайында Астанаға ұшатын жолаушылардың үстіне жарнама тақтайшасы құлаған

Мысырдың Шарм-әл-Шейх әуежайында жарнама тақтайшасы құлап, бір адам қаза тапқаны хабарланды / Фото: https://www.instagram.com/p/DJyHOcroCUo/

Астанаға ұшатын SCAT жолаушыларының үстіне Мысырдың Шарм-әл-Шейх әуежайында жарнама тақтайшасы құлаған. Бұл туралы Pro Astanu инстаграм арнасы хабарлады.

Инстаграм парақшасындағы мәліметке сәйкес қайғылы оқиға 18 мамырға қараған түні болған. SCAT әуе компаниясының 5270 рейсімен Астанаға ұшуға дайындалған жолаушылардың үстіне ауыр темір мен шыныдан тұратын жарнама тақтайшасы құлап, салдарынан сол маңайша астында отырған адамдар зиян шеккен. Алдын-ала мәліметтерде бір ер адамның қайтыс болып, екі әйелдің ауыр жарақат алғаны хабарланады.

Бұл оқиға кезінде зардап шеккендер арасында қазақстандық азаматтардың бар-жоғын анықтау үшін KursivMedia редакциясы SCAT әуе компаниясына сауал жолдады.