Лео XIV ресми түрде Рим папасы болып сайланып, өз қызметіне кірісті

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Жаңа Рим папасы өз қызметіне кірісті / Фото:

Лео XIV ресми түрде Рим папасы болып сайланды. Ватиканда инаугурациялау бойынша салтанатты шара өтті. Бұл туралы Еуропа басылымдары хабарлады.

«Рим Папасы Лео XIV жексенбіде өзінің билігін ресми түрде бастады. Ол консерваторларды бірлікке шақырып, католик шіркеуінің мұрасын қолдауға және «автократ» ретінде билік етпеуге уәде берді», – деп жазады басылым.

Рим папасын салтанатты түрде сайлау шарасына Украина президенді Владимир Зеленский, АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс, АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио қатысқан.

Еске сала кетсек, 21 сәуірде Рим папасы Франциск қайтыс болды. Оның орнына 7 мамырдан бастап Рим-католик шіркеуінің кардиналдары жаңа Рим пасасын сайлауға көшті. Кардиналдар Рим Папасы ретінде америкалық Роберт Франсис Превосты таңдады.

Сондай-ақ оқыңыз