Ташкентте дауыл соғып, ауасы қатты ластанды

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің редакторы
Фото: shutterstock

17 мамыр күні Ташкентте қаты дауыл соғып, ауадағы зиянды заттардың мөлшері шекті мөлшерден асып түскен. Бұл туралы Өзбекстандағы «Курсив» басылымы хабарлады.

«Билік Ташкент тұрғындарына мүмкіндігінше көшеге шықпауды және тыныс алу мүшелерін қорғауды ұсынды. «Өзгидрометтің» мәліметінше, елорда ауасындағы зиянды заттардың мөлшері рұқсат етілген шекті мөлшерден 1,28 есе асып кеткен», – деп жазады басылым.

Ташкент билігі қала тұрғындарына терезені бекітіп жауып, далаға шықпауды сұраған. Сонымен бірге қатты желден ағаштар мен жарнама тақтайшаларының құлағаны айтылады.

Сондай-ақ оқыңыз