
17 мамыр күні Ташкентте қаты дауыл соғып, ауадағы зиянды заттардың мөлшері шекті мөлшерден асып түскен. Бүл туралы Өзбекстандағы «Курсив» басылымы хабарлады.
«Билік Ташкент тұрғындарына мүмкіндігінше көшеге шықпауды және тыныс алу мүшелерін қорғауды ұсынды. «Өзгидрометтің» мәліметінше, елорда ауасындағы зиянды заттардың мөлшері рұқсат етілген шекті мөлшерден 1,28 есе асып кеткен», – жазады басылым.
Ташкент билігі қала тұрғындарына терезені бекітіп жауып, далаға шықпауды сұраған. Сонымен бірге қатты желден ағаштар мен жарнама тақтайшаларының құлағаны айтылады.