«Соғыс тоқтайды»: Трамп Путинмен атысты тоқтату жөнінде сөйлесетінін мәлімдеді

Дональд Трамп дүйсенбі күні, 19 мамырда Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлеседі. АҚШ президенті Ресей мен Украина арасындағы қантөгіс тоқтайтынын мәлімдеді. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
«Мен Ресей президенті Владимир Путинмен дүйсенбі күні таңғы сағат 10:00 (яғни, Мәскеу уақытымен 17:00 – ред.) телефон арқылы сөйлесемін. Әңгіме барысында аптасына орта есеппен 5 мыңнан астам ресейлік және украиндық сарбаздардың өмірі қиылып жатқан «қырғынды» аяқтау мен сауда-саттық мәселесі қозғалады. Содан кейін мен Зеленскиймен, одан кейін Зеленскийдің қатысуымен бірге НАТО өкілдерімен сөйлесемін. Бұл нәтижелі күн болайын деп түр. Атысты тоқтатуға қол жеткізіледі және өте қатыгез соғыс, ешқашан басталмауы керек болған соғыс тоқтайды», – деп жазды Трамп.
Еске сала кетсек, 16 мамыр күні Ыстанбұлда Ресей-Украина қақтығысына байланысты келіссөздер басталған болатын. Бұл келіссөзге Трамп пен Путин қатысуы керек болған. Алайда келіссөз болатын күн жақындаған кезде, Трамп пен Путиннің қатыспайтыны белгілі болды.
Бұл келіссөз барысында екі тарап мың тұтқынмен алмасу туралы келісімге келді.