Астанада 8,5 жылға сотталған Болат Мажағұловтың апелляциялық шағымы қаралды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Болат Мадағұлов өзін толық ақтауды сұрады/коллаж kursiv.media

Астананың мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Болат Мажағұлов сот үкіміне келіспей, апелляцияға шағым түсірді. Ол 2025 жылдың 31 қаңтарында 8,5 жылға сотталған, деп хабарлайды KursivMedia.

Мағажұлов 2016 жылы қала күніне орай Есіл бойында салынған «Күн» атты субұрқақтың құрылысына бөлінген қомақты соманы жымқырған деп танылды.

Іс бойынша құрылыс компаниясының басшысы Мәди Қанапин болса, 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Мажағұлов пен Қанапин бірігіп мемлекетке келтірген шығын ретінде 1 млрд 87 млн теңге қайтарып беруге міндеттелді.

Үкімге сәйкес, Мажағұлов Астана қаласының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысы кезінде Қанапиннің көмегімен 2016 жылы Есіл өзенінің жағалауындағы «Күн» субұрқағының құрылысын қоса алғанда, «Су сиқыры» және «Есіл өзеніндегі жарық иллюминациясы мен отшашу шоуы» шарасын өткізуге бөлінген бюджет қаражатын сметалық бағаны арттыру, арзандау және сапасы төмен материалдарды қолдану арқылы талан-таражға салып, мемлекетке 1 млрд теңгеден астам шығын келтірген.

Олар сот үкіміне келіспей, адвокаттары Болат Мажағұловты ақтауды, Мәди Қанапинге бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындауды сұрады.

Апелляциялық сатыда сот үкімі өзгеріссіз қалдырылды. Сот актісі заңды күшіне енді.

Айта кетейік, Болат Мажағұлов 2010-2019 жылдар аралығында Астана қаласы Мәдениет басқармасында басшы болған. Ол 2024 жылы қыркүйекте қамауға алынған

Астана қаласының қылмыстық істер бойынша ауданаралық соты үкім шығару барысында Мажағұловтың кәмелеттік жасқа толмаған балалары барын ескерген. Сондай-ақ оған өмір бойына мемлекеттік қызмет атқаруға тыйым салынды. Және «Құрмет» орденінен айыру туралы ұсыныс президент аппаратының қарауына жіберілетін болды.

Сондай-ақ оқыңыз